«Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» жобасы
Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейі 2021-2022 оқу жылындағы жоспарға сай Алакөл, Ақсу, Көксу аудандарында зерттеу сабақтарын жүргізетін мұғалімдермен тығыз байланыс орнатып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, әдістемелік көмек берді. Филология кафедрасының мұғалімдері Ақсу ауданы, Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәні мұғалімі Амангельдина Айгерімге, Көксу ауданы, М.Құрманов атындағы №2 орта мектептің