«Баршаға қолжетімді сапалы білім»
«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндама мазмұны аясында 03 сәуір күні Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицей әкімшілігі Көксу ауданында серіктестік сапарда болды. Мақсаты: өсу нүктесінде кездесетін мәселелерді жүзбе-жүз анықтап, келешек тәжірибелік семинарға бағдар жасау. Осы мақсатта №24 лицейінің оқу ісі жөніндегі директор орынбасары А.К. Оспанова «Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде лицейдің басқару моделі» тақырыбында, ғылыми-әдістеме ісі жөніндегі орынбасар А.Б.Муханова «Дарынды балалармен жұмыс жүйесін ұйымдастыру», бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасар Б.У.Асубекова «ББЖМ (МОДО) дайындығы кезінде туындайтын мәселелер», лицей психологы «Оқу-тәрбие үрдісіндегі психологиялық проблемалар» тақырыптарында жұмыс жүйесінің траекториясына шолу жасады. Кездесуге М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп әкімшілігі, бірлестік жетекшілері мен психологтарынан 12 әріптес қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарды ортаға салды. №24 лицей әкімшілігі серіктес мектептің өзекті мәселелерін қағазға түртіп, болашақта өткізілетін семинар бағдарламасына енгізді. Бірлескен жұмыс өз нәтижесін береді деп сенеміз.