Жетісу облысы
білім басқармасының
"Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(7282) 24-42-66
Бухгалтерия
+7(7282) 24-46-53
Версия для
слабовидящих
Физика-математика пәндері бойынша облыстық олимпиада
28
март
2018
Физика-математика пәндері бойынша облыстық олимпиада
"Жыланды" орта мектеп лицейінде облыстық дарынды балаларға арналған лицейлер арасында физика-математика пәнінен олимпиада өтті. Олимпиада нәтижесінде математика пәнінен І-орынды Садыханов Әбен, ІІІ-орынды Абдыхамитов Төрежан иеленді. Ал физика пәнінен ІІІ-орынға ие болған: Сейлбекова Алина, Хасен Ернар, Кенжехан Шұғыла, Нұрмұхамбетова Риза ие болды. Пән мұғалімдері - Буланов М.Д., Қиса М.                
Олимпиада жеңімпаздары
28
март
2018
Олимпиада жеңімпаздары
Атырау қаласында өткен республикалық жаратылыстану бағытындағы пән олимпиадасында лицей оқушылары Сейлбекова Алина физика пәнінен ІІІ-орын, химия пәнінен Иманбекова Зульфия да ІІІ-орын иеленді, Шәкәрбек Әсел, Шәрімбай Әлия, Қазиев Әліби мақтау грамоталарына ие болды. Пән мұғалімдері Қиса М., Әмір С., Буланов М.Д., Еркінбекова А.С., Муталив Д.       
Онлайн режіміндегі интерактивті сабақ
28
март
2018
Онлайн режіміндегі интерактивті сабақ
2018 жылдың 15 наурызында онлайн режімінде физика пәнінің мұғалімі Қиса Маулет 10а сыныпта «Толық тізбек үшін Ом заңы» тақырыбында интерактивті сабақ өтті. Оқушылар жаңа сабақтың негізгі мазмұнын меңгеріп, практикада қолдана алды. Сонымен қатар сабақ барысында жаңа тақырыпты меңгере отырып, электр құралдарында қысқа тұйықталу арқылы жанып кетуді теория жүзінде біліп, толық тізбектің практикада ролі зор екенін түсінді.