Жетісу облысы
білім басқармасының
"Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(7282) 24-42-66
Бухгалтерия
+7(7282) 24-46-53
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Март 2018 года
Физика-математика пәндері бойынша облыстық олимпиада
28
март
2018
Физика-математика пәндері бойынша облыстық олимпиада
"Жыланды" орта мектеп лицейінде облыстық дарынды балаларға арналған лицейлер арасында физика-математика пәнінен олимпиада өтті. Олимпиада нәтижесінде математика пәнінен І-орынды Садыханов Әбен, ІІІ-орынды Абдыхамитов Төрежан иеленді. Ал физика пәнінен ІІІ-орынға ие болған: Сейлбекова Алина, Хасен Ернар, Кенжехан Шұғыла, Нұрмұхамбетова Риза ие болды. Пән мұғалімдері - Буланов М.Д., Қиса М.                
Олимпиада жеңімпаздары
28
март
2018
Олимпиада жеңімпаздары
Атырау қаласында өткен республикалық жаратылыстану бағытындағы пән олимпиадасында лицей оқушылары Сейлбекова Алина физика пәнінен ІІІ-орын, химия пәнінен Иманбекова Зульфия да ІІІ-орын иеленді, Шәкәрбек Әсел, Шәрімбай Әлия, Қазиев Әліби мақтау грамоталарына ие болды. Пән мұғалімдері Қиса М., Әмір С., Буланов М.Д., Еркінбекова А.С., Муталив Д.       
Онлайн режіміндегі интерактивті сабақ
28
март
2018
Онлайн режіміндегі интерактивті сабақ
2018 жылдың 15 наурызында онлайн режімінде физика пәнінің мұғалімі Қиса Маулет 10а сыныпта «Толық тізбек үшін Ом заңы» тақырыбында интерактивті сабақ өтті. Оқушылар жаңа сабақтың негізгі мазмұнын меңгеріп, практикада қолдана алды. Сонымен қатар сабақ барысында жаңа тақырыпты меңгере отырып, электр құралдарында қысқа тұйықталу арқылы жанып кетуді теория жүзінде біліп, толық тізбектің практикада ролі зор екенін түсінді.            
UCMAS Халықаралық Академиясы Алматы қаласында өткізген Республикалық жарыс
26
март
2018
UCMAS Халықаралық Академиясы Алматы қаласында өткізген Республикалық
         Оралсын Амирхан Талдықорған қаласы Дарынды балаларға арналған М ұхтар Арын атындағы № 24 «Экономика және бизнес»   арнаулы л ицейінің 5 "ә" сынып оқушысы менталды арифметикадан көптеген жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды.  Қалалық жарыстардан бастап, халықаралық жарыста еліміздің намысын қорғаған. 1 мамыр 2017 жылы менталды арифметикадан өткен облыстық жарыста 2 орын иегері атанды. 1 мамыр 2017-ші жылы UCMAS Халықаралық Академиясы Алматы
Дебат жеңімпаздары
26
март
2018
Дебат жеңімпаздары
      Үстіміздегі жылдың 17 наурызында "Caspian Training Group” орталығы Талдықорған қаласындағы № 14 орта мектеп-гимназиясы мен Мұхтар Арын атындағы №24 ДБААЛ оқушылары арасында ағылшын тілінде дебат өткізді. 8-10 сыныптар аралығындағы бұл дебаттың мүшелері аталған орталық өткізген тілдік олимпиада жеңімпаздарынан құрылды.       "Computers should replace teachers” тақырыбындағы дебатта №24 лицей оқушылары жоғары тілдік деңгей көрсетіп, І-орынды иеленді. Жүлделі
Спорт - денсаулық кепілі!
19
март
2018
Спорт - денсаулық кепілі!
2018 жылдың наурыз айының 11 жұлдызында Шығыс  Қазақстан облысында өткен РОО " Шинкиокушинкай каратэ федерациясын ” ұйымдастыруымен өткен Ресаубликалық  каратэ турниріне5 «Ә» сынып оқушысы  Ерболқызы Жанбота қатысып, І орын иеленді.      
Астана «ЭКСПО -2017»
14
март
2018
Астана «ЭКСПО -2017»
Маусым айында Астана «ЭКСПО -2017» көрмесіне лицейден әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасыларында тәрбиеленіп жатқан, оқу үлгерімі жақсы 16 оқушы А.Ж.Жақияновтың жетекшілік етуімен Астана қаласына барып келді.          
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жалпы ұлттық патриоттық идеясы аясында...
14
март
2018
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жалпы ұлттық патриоттық идеясы
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жалпы ұлттық патриоттық идеясы аясында 2017 жылдың маусым айында 9-сынып оқушылары ұстаздарымен Шұбар ауылындағы Н.Алдабергенов мұражайына барды.          
Лицейге 25 жыл
14
март
2018
Лицейге 25 жыл
      Қазақстан Республикасының өркениетті дамуына қажетті ел болашағын тәрбиелеу талабына орай, саналы тәрбие мен озық білім беріп келе жатқан білім ордасында өткені мен бүгінін ұштастырып, лицейдің 25 жылдық тарихына байланысты «Тәрбие деген тәңір бар...» атты салтанатты іс-шара өткізілді.          
Тағзым ету
14
март
2018
Тағзым ету
2017-2018 оқу жылындағы орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының басты міндеттерінің бірі – еліміздің болашағының біртұтас іргетасын және жалпы азаматтық біріктіруші мақсат жүйесінің негізін құратын жаңа идеологиялық тұжырымдама «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жалпы ұлттық патриоттық идеясы мен патриоттық актісін жүзеге асыру болып табылады   Осыған байланысты 2017 жылдың мамыр айында 11- сынып оқушылары Мұхтар Арынның және Ескелді бидің кесенесіне тағзым етіп барды.