Жетісу облысы
білім басқармасының
"Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-42-66
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-46-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Робототехникадан өткен "Ашық есік" күні
03
апрель
2018

Робототехникадан өткен "Ашық есік" күні

     Ғылымның қарыштап дамыған кезеңінде робототехника саласы да қарқынды да­мып келеді. Қазіргі таңда білім кеңістігіне робо­тотехника ғылымы саласы енгізіліп, оқушылардың сын тұрғы­сы­нан ойлауын дамытуға және шығармашылықпен ойлауына мүмкіндік беруде.

Алғаш рет бір комплект роботоконструкторды Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті сыйға тартып, өткен оқу жылында Робототехникадан байқау ұйымдастырғанда М.Арын атындағы №24 лицейдің информатика пәнінің мұғалімі Б.Құрманәлінің жетекшілігімен 9, 10 сынып оқушыларынан құралған үйірме мүшелері қатысып, «Сумо», «Траектория», «Шытырман» бойынша жүлделі 1-орынды иеленіп, тағы бір комплект робот бөлшектерін жеңіп алған еді.

     Жақында Талдықорған қаласындағы №1, №2, №5, №6, №8, №18 мектептері үшін Робототехника саласы бойынша «Ашық есік» күні өтіп, робототехника жасаумен айналысатын үйірме мүшелері 10а сынып оқушылары Долаев Тоқтар, Тұрысбаев Арын, 9ә сынып оқушысы Құдайберген Әлішер, 6б сынып оқушысы Қайратұлы Ильяс «Шытырман» (Лабиринт) жолдардан жүріп өтетін робот пен «Футбол» ойынын ойнап қақпаға доп соғатын роботтарды Ашық есік күнінде көр­се­тіп, оқушыларға жұмыс жасаудың әдіс-тәсіл­дерін, электрондық құрылғыларды компьютер­лік программа арқылы құрастыру және пультпен басқару үрдісін таныстырды.

     Робот кейіпкерлеріне қызыққан «Ашық есік» күніне жиналған оқушылар алдағы уақытта өздері де осы ғылыммен айналысатындықтары туралы ойларымен бөлісіп, алғыстарын білдірді.
 

Робототехникадан өткен "Ашық есік" күні

 

Робототехникадан өткен "Ашық есік" күні

 

Робототехникадан өткен "Ашық есік" күні

 

Робототехникадан өткен "Ашық есік" күні

 

Робототехникадан өткен "Ашық есік" күні

 

Робототехникадан өткен "Ашық есік" күні

 

Робототехникадан өткен "Ашық есік" күні

 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив