Жетісу облысы
білім басқармасының
"Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-42-66
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-46-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
ноябрь
2017

ҰБТ

2016-2017 оқу жылында

11 сынып оқушыларымен жүргізілген ҰБТ-ге дайындық жұмыстары мен қорытындысына сараптама


 

Ағымдағы оқу жылында ҰБТ-ның жаңа форматы мектеп бітірушілер үшін қорытынды аттестаттау (ҚА) және жоғарғы оқу орындарына түсушілер үшін (ҰБТ) болып бөлінуімен ерекшеленді. ҰБТ–ны сәтті тапсыру - педагогикалық ұжымның алдындағы маңызды міндеттердің бірі болып табылады.Бітірушілердің сынақты (ҰБТ) сәтті тапсырып шығуы – ең алдымен, педагогқа, оның сынақтың жаңа түріне кәсіби дайындығына байланысты. Педагогтың тұрақты кәсіби стеоротиптерінің бірі – барлық оқушыларды жоғары нәтижеге жеткізуге ұмтылуы.

2016-2017 оқу жылында 39 оқушы 11 сыныпты аяқтап, барлығы ҰБТ-ге 100 пайыз қатысты. Қыркүйек айынан бастап ҰБТ-ға дайындық бойынша жұмыс жоспары құрылып, оқушылар және ата-аналарымен жиналыстар өткізілді. Осы жиналыстарда ҰБТ-ң жаңа форматы жайында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ереже, бұйрықтағы өзгерістермен таныстырылды. Оқу жылының басынан бастап ҰТО-нан келетін байқау кітапшалары мен онлайн режіміндегі байқау сынақтарынан басқа «Арай», «Юстади», «5+» сияқты тәуелсіз бақылау орталықтарынан жалпы саны 48 байқау тесті алынып, пән мұғалімдері әр тестен кейін оқушылардың жіберген қателіктерімен жұмыс жасап, сұрақтарды талдап отырды. ҰБТ-да жақсы нәтижеге жетудің ең негізгі жолы - оқушы белсенділігі. Мектеп әкімшілігі сараптау жұмыстарын жүргізіп, нәтижесімен оқушыларды таныстырып отырды. Оқушы мұндай жағдайда өзінің мүмкіндіктерін, қол жеткен табыстарын өзгелермен салыстыра отырып, саралап, белсенділіктері артып, алға ұмтыла түсері сөзсіз. Осы бағыттағы жұмыстарды атқаруда оқушы, мұғалім, ата-ана үштігі бірлесіп жұмыс атқарғаны нәтижелі болады.

Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау мақсатында құрылған оңтайлы жұмыс жоспарының нәтижесінде және жыл бойы қажырлы еңбек еткен ұстаздардың арқасында ҰБТ-де 124,3 орташа балл көрсетіп, қала, облыс көлеміндегі мектептер арасында үздіктер қатарынан көріндік. ҰБТ нәтижелеріне сараптама жасасақ:

2017 жылы 23 маусымда (2 лек) ҰБТӨП-те ҰБТ тапсырып, төмендегідей нәтиже берді:

 

Барлығы – 39.

Өтініш білдіргені – 39.

Қатысқаны – 39 (100%).

Жалпы балл – 124,3.

101-120 балл жинағандар – 10 (25,6%),

121-140 балл жинағандар – 29 (74,4%).

 

Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесіне сәйкес 11 оқушыға «Алтын белгі», 13 оқушыға үздік аттестат табысталды.

ҰБТ-ға 11А сыныпта 20 оқушы қатысып, орташа 123,3 балл, 11Ә сыныпта 19 оқушы қатысып, орташа 125,3 балды көрсетті.

ҰБТ-да жоғары балл алып, өз білімдерінің терең екендіктерін көрсете білген оқушыларды ерекше атап өтуге болады. Олар: Альбосын Эльдар 137 балл, Мустажапова Алия 136 балл, Тулендинова Айжан 136 балл, Әлиқызы Ризам 135 балл, Базаралинов Ерасыл 135 балл.

Жекелей пәндерге тоқталсақ,

 

пәндер

сынып

Оқушы саны

Орташа балл

Пән мұғалімі

Оқу сауаттылығы

11А

20

17,4

Нуркожаева Б.Д.

11Ә

19

17,4

Нуркожаева Б.Д.

Лицей бойынша

 

39

17,4

 

Математикалық сауаттылық

11А

6

16,8

Буланов М.Д.

14

17,2

Мендекина Б.К.

11Ә

13

18,3

Тулеметова К.А.

6

18

Абилова З.А.

Лицей бойынша

 

26

22,4

 

Қазақстан тарихы

11А

20

19

Байшығашова Р.С.

11Ә

19

19,1

Байшығашова Р.С.

Лицей бойынша

 

39

19

 

Математика

11А

5

34

Буланов М.Д., Ибраева С.Н.

7

35,2

Мендекина Б.К.

11Ә

10

36,3

Тулеметова К.А., Буланов М.Д., Мендекина Б.К., Ибраева С.Н.

3

33,3

Абилова З.А.

Лицей бойынша

 

25

35,2

 

Тарих

11А

2

34

Байшығашова Р.С.

11Ә

2

29,5

Байшығашова Р.С.

Лицей бойынша

 

4

31,7

 

Физика

11А

10

33,8

Қиса М.

11Ә

10

35,6

Қиса М.

Лицей бойынша

 

20

34,7

 

Биология

11А

6

35,3

Муталив Д.

11Ә

3

34

Муталив Д.

Лицей бойынша

 

9

34,8

 

География

11А

3

37

Еркінбекова А.С.

Ахмедиева А.Н.

11Ә

4

34,2

Еркінбекова А.С.

Ахмедиева А.Н.

Лицей бойынша

 

7

35,4

 

Химия

11А

5

35

Әмір С.

11Ә

4

37,7

Әмір С.

Лицей бойынша

 

9

36,2

 

Адам.Қоғам.Құқық

11А

1

39

Байшығашова Р.С.

11Ә

1

40

Байшығашова Р.С.

Лицей бойынша

 

2

39,5

 

Ағылшын тілі

11А

1

37

Бекбаева Ж.М.

11Ә

1

33

Бекбаева Ж.М.

Лицей бойынша

 

2

35

 

Жалпы

 

 

39

124,3

 

 

Пәндер комбинациясы бойынша қарастырсақ:

 

Пәндер комбинациясы

11а

11ә

Жалпы

балл

оқушы саны

балл

оқушы саны

балл

оқушы саны

Математика-физика

34,1

10

32,3

9

34,9

19

Биология-химия

35

5

36,1

3

35,4

8

Адам.Қоғам.Құқық-тарих

35,5

1

32,5

1

34

2

Математика-география

37,2

2

34,1

4

35,1

6

Биология-география

35,5

1

-

-

35,5

1

Тарих-ағылшын тілі

36,5

1

33,5

1

35

2

Химия-физика

-

-

36,5

1

36,5

1

 

 

Қорытынды:

Оқушылар өздерінің білім деңгейлері мен қабілеттерін танытар кезең – Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары жетістікке қол жеткізіп, өз білімдерін растады. ҰБТ қорытындысы бойынша қала, облыс көлемі бойынша рейтингте 1-ші орыннан көрініп, республикалық 10 үздік мамандандырылған білім беру ұйымдарының тізіміне еніп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы атынан лицей ұжымының үлесі мен шәкірттерінің білімін жоғары бағалай отырып, Алғыс хат жолдады.

Лицей бойынша ҰБТ-ң нәтижесі:

Орташа балл – 124,3.

Үлгерімі - 100%, білім сапасы -100%.

 

Соңғы 3 жылда тапсырған ҰБТ-ң қорытындысын салыстырсақ, төмендегідей көрсеткішті көруге болады:

 

2014-2015

2015-2016

2016-2017

Орташа балл

Үлгерімі

%

Білім сапасы

%

Орташа балл

Үлгерімі

%

Білім сапасы

%

Орташа балл

Үлгерімі

%

Білім сапасы

%

107

100%

100%

110,1

100%

100%

124,3

100

100

Айырмашылық

+9,8

0%

+15%

+3,1

0%

0%

14,2

0%

0%

 

 

Өркениетті еліміздің білімді де, білікті ұрпақтарын тәрбиелеудегі еңбектерінің нәтижесінде жоғары жетістікке қол жеткізген және оқу жылын табысты аяқтауға зор үлес қосқан төмендегі мұғалімдерді ерекше атауға болады:

математика пәнінің мұғалімдері: М.Буланов, С.Ибраева, Б.Мендекина, З.Абилова, К.Тулеметова, қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Б.Нуркожаева, тарих пәнінің мұғалімі: Р.Байшығашова, физика пәнінің мұғалімі: М.Қиса, химия пәнінің мұғалімі: С.Әмір, биология пәнінің мұғалімі: Муталив Д.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив