Жетісу облысы
білім басқармасының
"Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-42-66
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-46-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
сентябрь
2019

Лицей тарихы


Лицей тарихы

..... Келешек дегенің бүгін басталады. Келешектің түбірі бүгінде жатыр. Ал бүгіннің баюы, рухтануы, нығаюы кешегіге байланысты, кешегіні бүгінге алып келіп, бүгінді байытып, рухтандыра, бізден сұрамай-ақ келетін ертеңгіні дұрыс мағынамен, мазмұнмен қарсы алуға дайындалуымыз керек. Міне, осының бәрі тарихты білудің қаншалықты қажет екендігін бізге меңзеп тұрғандай.

                                                                                                                                        Мұхтар Арын

Лицейіміздің 20 жылдык тарихы, өткені, бүгіні, келешегі бар. Жылдар жылжып өте береді. Бірақ әрбір еткен жыл тарих бетінде өшпестей мәңгі із калдырады.

Казакстан Республикасының өркениетті дамуына қажетті ел болашағын тәрбиелеу талабына орай 1992 жылы Алматы облысы Талдықорған қаласында, қала әкімінің No470 19.05.1992 жылғы шешімі бойынша облыс орталығында No 24 «Экономика және бизнес» қазақ  мектеп- лицейі ашылды. Қазақ мектеп-лицейінің бейнелі кілтін лицей директоры Күләй Түсіпқызы Тусіпова кабылдап алды. Бұл Талдықорған қаласындағы мектеп-лицейі қазақ мектептері арасында жана серпінмен, жаңа бағытта құрылған қазақ балаларын ағылшын тілінде терендетіп окытуға ерекше көңіл бөлді. Сол кезде Егеменді Қазақстанның еңсесін көтеру, экономикалык дағдарыстан шығу жолын көтеретін еліміздің болашағы білімді жастар екенін Елбасы атап айткан болатын. Мектеп-лицейінде окушыларға экономикалык бағыт-бағдар беретін экономика сабағы еткізіледі. Осыған орай мектеп-лицейінің атын калалык білім беру бастығы Е.Б.Сарсембаевтың ұсынысы бойынша «Экономика және бизнес» деп аталынды.

No 24 мектеп-лицейдің ашылуы үшін ерекше үлес қосқан және оның ұйымдастырушылык ұйытқысы болған Талдықорған облысының әкімі С.Т.Тұрсынов, Талдықорған қаласының әкімі А.А.Шегиров, қалалық білім беру басқармасының бастығы Е.Б.Сарсембаев, казак тілінің белгілі жанашырлары К.Абдрахманов, К.Құсаиновтардың есімдерін ерекше атап кетуге болады. 1992 жылдың қыркүйек айының 1-жұлдызында білім мерекесі күні мектеп-лицейдің ашы- лу салтанаты еткізілді. Оған ең алғаш 1-8 сыныптар аралығында 165 окушы кабылданды. Мектеп-лицей директоры К.Т.Түсіпова, оку-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ө.С.Шахабаева, ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары С.И.Боранбаева, ағылшын тілі пәнінің оқу-ісі жөніндегі орынбасары Т.И.Мұратбекова, тәрбие меңгерушілері: бастауыш сыныптар бо йынша А.Р.Досыкенова, жоғарғы сыныптар бойынша К.Қ.Бекежанова, лицей психологы А.Н.Молдакаримова тағайындалды.

Мектеп-лицейде алғаш рет 30 мұғалім дәріс берді. Жеке оқу жоспары бойынша ағылшын тілі пәні терендетіліп, экономика, информатика, этика, араб тілі пәндері оқытылды.

1992 жылы желтоксан айының 1-жұлдызында Талдықорған облысына арнайы келген іс сапарында Казакстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев No24 «Экономика және бизнес» мектеп-лицейінде болып, ұжыммен кездесіп, ұжым мүшелеріне өз талап-тілегін білдірді.

1992-93 оку жылында бірінші сынып ашылды. Болатбаева Эльмира, Боранбаева Раушан ен алгашкы оку озаттары болып, лицей тарихында есімдері калды.

1995 жылдан бастап лицей ұжымы «Педагогикалық шеберлікті жетілдіру арқылы оку шы кабілеттілігі мен дарындылығын дамыту» проблемасымен айналысты, Қызылорда каласында өткен «Жаңа үлгідегі қазақ мектептерінің бүгінгі болмысы» атты республикалық семинарда мектеп-лицей тәжірибесі ерекше атап өтілді. Басқару жүйесінің негі- зін ғылыми тұрғыда «Дарын» бағдарламасы негізінде мектеп-лицейінің директоры Түсіпова Кулай Түсіпқызының басшылық етуімен ғылыми-әдістемелік жөніндегі директордың орынбасары Секер Избайыркызы Боранбаева, оку-тарбие жөніндегі директордың орынбасары Өзипа Сәткызы Шахабаева, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Бибігүл Нугербеккызы Белгібаева және мектеп психологы Ардақ Нүсіпқызы Молдакарімова кұрды.

1995-1996 оку жылында алғаш 15 мектеп түлегі бітірді.

Боранбаева Лаура, Ермұхамбетов Абзал, Төлегенова Гулнар алғаш «Ерекше үлгідегі аттестаттын иесі болды. Лицей түлектерінің 95% еліміздің ең таңдаулы жоғарғы оку орындарына түсіп, грантка ие болды.

1996-1997 оқу жылында Белорусия мемлекетінің педагогика ғылымының докторы, профессор А.И. Кочетовпен келісім шарт жасалып, эксперименттік ғылыми-зерттеу орталығы құрылды. Алматы облыстық маманда кәсібін дамыту институты өткізген «Жаңа типті мектептер үлгісі» калалык байкауында мектеп-лицей I орын иеленді.

Алматы облыстық маманда кәсібін дамыту институты өткізген «Жаңа типті мектептер үлгісі» байқауында мектеп-лицей II орын иеленді.

Тұнғыш қабылданған оқушыларымыз 1993-94 оқу жылдары алғаш рет калалық, облыстық, республикалык олимпиадаларда жетістіктерге ие бола бастады. Яғни, пән олимпиадаларыда орыс тілі, химия, география, казак тілі, ағылшын тілі, информатика, биология пәндерінен ез білімдерін нақты көрсете білді.

Химия пәнінен А.Б.Баймұқышеваның шәкірттері Лаура Боранбаева, Жангүл Шерікхан, орыс тілі пәнінен К.Т.Бакишеваның шәкірттері Эльдар Кунчаев, Раушан Кунчаева, Еркежан Конысбаева, ағылшын тілі пәнінен Т.И.Мұратбекованың шәкірттері Гүлнар Төлегенова, Әсел Жүнісханова, информатика пәнінен Шакуал Абзал, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен С.И.Боранбаеванын шәкірттері Алма Тоғысбаева, биология пәнінен Ө.С.Шахабаеванын шәкірттері Шынар Ерғапановалар қалалық, облыстық пән олимпиадаларында жүлделі орындарга ие болды.

Лицей тарихында республика олимпиадасының тұңғыш жүлдегері орыс тілі пәнінен К.Т.Бакишеваның шәкірті Кунчаев Эльдар болды.

Мектеп-лицей ұжымында окушылар арасында өзін-өзі басқару негізінде Лицей Респу- бликасы құрылды. Тұңғыш Лицей Республикасы Президенті болып, 10ә сынып окушысы Кенжегаранова Мадина сайланды.

1998 жылы ағылшын тілі пәні мұғалімі Тамара Ибрагимқызы Мұратбекова «АКСЕЛС» бағдарламасы бойынша «Ең үздік ағылшын тілі пәні мұғалімі» атағына ие болып, екі рет АҚШ елінде тәжірибе алмасып, тегін жолдамамен демалып кайтты.

1999 жылы ағылшын тілінен тұңғыш «АКСЕЛС» бағдарламасы бойынша бір жылдык АҚШ-та білім алу грантын 10 сынып окушысы Әлбосынова Зәуре жеңіп алды.

1999 жылдан бастап, С.Кочетовтың шәкірті педагогика ғылымының докторы ЖМУ-дың окытушысы профессор Н.А. Акашев мектеп-лицей ұжымының ұстаздарымен ғылыми ізденісті жалғастырды.

1999 жылғы 22 қыркүйекте ҚР Үкіметінің No1436 қаулысы бойынша No24 «Экономика және бизнес» мектеп-лицейіне белгілі ғалым, профессор Мұхтар Арын есімі берілді.

2000 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің No901 «Ашық республикалық эксперименталдык аландарды ұйымдастыру» бұйрығы негізінде «Дарын» ғылыми-практикалык орталығының алаңы ашылып, «Оқушылардың дарындылығын дамытудың теориялык, практикалык негіздемесі» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізілді.



Мектеп-лицейі «Жыл мектебі-2000» байкауында кала, облыс көлемінде I орын, республика көлемінде «Тандаулы мектеп-2000» байқауында III орын иеленді.

Осы жылы кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша Республика денгейінде алгашкы 100 үздік мектеп кұрамына ендік, кейінгі жылдарда да үнемі алдыңғы 20 мектептер қатарында келеміз.

Бектуров Ренат 2001 жылы Хорватияда өткен ағылшын тілінен «Дебат» сайысында үздік спикер атанып, «АКСЕЛС» бағдарламасы негізінде бір жыл АҚШ-да тегін білім алды.

2001 оку жылында мектеп-лицей директоры К.Т.Түсіпова «Дарын» ғылыми-практикалык орталығы еткізген республикалық фестивальде дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыруда «Үздік директор» атағын жеңіп алып, хрусталь стелламен марапатталды.

Осы оку жылында мектеп-лицейі «Тәрбие жүйесін ғылыми тұрғыда ұйымдастыру» бойынша Облыстық Білім Департаментінің «Бас жүлдесін» жеңіп алды. Бұл байқауда үлгілі куратор Т.Т.Бертісова мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Белгібаеванын тәрбие жүйесінің моделі қорғалды.

2001 жылы тұңғыш республика олимпиадасының жүлдегерлері ретінде Бектуров Ренат, Ойшынов Азамат лицейді «Алтын белгіге» бітірді. География пәнінен К.К.Бекежанованын шәкірті Ойшынов Азамат республикалык олимпиададан тұңғыш рет орынды, Бектұров Ренат орыс тілі пәнінен республикалық олимпиададан II орынды иеленді, жетекші мұғалімі К.Т.Бакишева.

Дене тарбиесі мұғалімі Е.З.Қожағұлов қалалық, облыстық «Жыл мұғалімі» байкауында I орынды жеңіп алды.

2001-2002 оқу жылында ен алгаш рет Болатбаева Эльмира Ереван каласында өткен халыкаралык олимпиадада орыс тілі пәні бойынша гран-при жүлдегері атанып, «Алтын медальга» ие болды, лицейді «Алтын белгіге» бітірді. Осы оку жылында 9 «А» сынып окушысы Макулжан Азина лицей Гимнін жазды.

2002 жылы лицей өзінің 10 жылдық мерейтойын кала деңгейінде атап өтті.

2002-2003 оку жылы тұңғыш рет мектеп-лицейде «Жыл окушысы» байқауы өткізіліп, лицей емірінде ол жыл сайын дәстүрге айналды.

2003 жылы тұңғыш рет Даржанова Айман «Жыл окушысы» номинациясын жеңіп алып, «Арын стипендиаты» атанды. Ал, Бектұрова Диана «Зерделі жас» номинациясын жеңіп алды. 11 сынып окушысы Оспанова Алия Астана қаласында өткен дарынды жастардың республикалық І слетіне катысты. Орыс тілі пәнінің мұғалімі К.Т.Бакишеваның шәкірті Капанова Ма- дина халыкаралык орыс тілі пән олимпиадасында «Күміс медаль» иегері атанды. Каспакова Әсел, Бакишева Сания республикалық «Дебат» жарысында үздік спикерлер атанып, осы оку жылында «Алтын белгі» белгісінің иегері болды. «АКСЕЛС» бағдарламасы бойынша грант жеңіп алып, шетелден бір жыл окып келді. Бозымбекова Құралай да «АКСЕЛС» бағдарламасы бойынша грантты жеңіп алып, шетелде бір жыл оқып келді.

2003-2004 оқу жылында ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі директордың орынбасары болып Б.К.Мендекина тағайындалды. Осы оку жылында мектеп-лицейін 10 оқушы «Алтын белгі» белгісіне бітірді. Лицей түлектерінің ҰБТ-ден орташа көрсеткіші 85 балл болды.

2004 жылы жыл окушысы» байқауында Болысбаева Камшат «Арын стипендиаты», ал «Зерделі жас» номинациясын Әбдіғалиева Мадина женіп алды.

2003-2004 оқу жылының түлегі Мұратұлы Бауыржан Алматы жоғарғы жаяу әскер институтына түсіп, мемлекетаралық келісім бойынша Санк-Петербургтағы теңіз әскері училищесіне ауыстырылса, кейін Германиядағы жоғарғы теңізшілер даярлау оку орнын аяктап, магистратураны бітіріп, бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Батыс аймағы бойынша Теңіз әскері жөніндегі кеңесшісі міндетін аткаруда.

Касенхан Арай республикалык «Дебат» ойынында үздік спикер атанды.

Кенжеғаранова Мадина Президенттік «Болашақ» бағдарламасының грант иегері ретінде магистратураны АҚШ-та оқыды. Соңғұл Ілияс Чехия, Корлова университетіне докторантураға, Садырбаева Айзат Қытай Халық Республикасының Пекин университетіне, Болысбаева камшат Мәскеудегі Халықтар достығы университетіне оқуға түсті.

2004-2005 оку жылы Байжикенов Бакытжан Польша мемлекетінде өткен дүниежүзілік олимпиададан III орынды иеленді. Маженова Айжан, Тұмарбекова Даяна Грецияда өткен Халыкаралык олимпиадада математика пәнінен «Кола медальға» ие болды.

Бектұрова Диана республикалық «Дебат» сайысында үздік спикер атанды.

2004-2005 оку жылында тест қорытындысы негізінде Алматы облысы бойынша ең жоғары көрсеткіш 120 балды Құрақбаева Перизат иеленді.

Мектеп-лицейін 5 окушы «Алтын белгі» белгісіне бітірді.

2004-2005 оку жылында ҰБТ көрсеткіші орташа 94 балл болды.

2005 жылы Жексенбеков Рустем облыстық «Әнші балапан» байқауында І орынды, республикалық «Әнші балапан» байқауында бас жүлдені жеңіп алды. Жанатқызы Самал «Жетісу жұлдыздары-2005» байқауының бас жүлдегері атанды.

2005 жылдың «Арын стипендиаты» Долаев Мирас болды. Байжікенов Бакытжан және Смағұлов Ержан «Зерделі жас» номинациясына ие болды.

Жакупова Венера Президенттік «Болашақ» бағдарламасының грант иегері Ресей мемле- кеті Мәскеу қаласындағы Бауман атындағы Техникалык университетке, Шаймерденова Гул- нұр Қытай Халық Республикасы Шанхай техникалық университетіне, Ошакбаева Балжан Англия, Лондон Голдмис университетіне, Молдахметова Әйгерім Шотландияның Манчестер каласындағы Мұнай газ университетіне оқуға түсті.

2005-2006 оқу жылында ҰБТ көрсеткіші орташа 95 балл болды. Мектеп-лицейін 8 окушы «Алтын белгі» белгісіне бітірді.

2005-2006 оку жылы дебат жеңімпаздары Сағындыкова Айман, Ахметова Арай, Еркінова Арай республикалық «Дебат» жарысында үздік спикерлер атанды.

2006 жылы Байжікенов Бақытжан «Жыл окушысы» номинациясын жеңіп алып, «Арын стипендиаты» атанды.

Құрақбаева Перизат Президенттік «Болашақ» бағдарламасы грантын жеңіп алып, Ұлыбритания Лондон Гринвич университетіне, Суанбаева Эльнара Шотландия, Эдинбург университетіне, Бағашарова Жанар Ұлыбритания Лондонсити университетіне, Бозымбекова Құралай Ұлыбритания Бирменгем университетіне, Үйсінбекова Анар Малайзия, технология университетіне окуға түсті.

2006 ж. жұмыкбаева Дана «АКСЕЛС» бағдарламасы бойынша грант жеңіп алып, шетелден бір жыл окуға жолдама алды. Жанатқызы Самал республикалық «Әнші балапан-2006» байкауынын бас жүлдегері болып, облыстық «Абай окулары-2006» байқауының «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша I орын иегері атанды.

2006-2007 оку жылында Төлегенова Ботагөз республикалык олимпиададан орыс тілі пәні бойынша III орынға ие болды, жетекші мұғалімі К.Т. Бакишева. Мырзаханов Максат республикалық олимпиададан химия пәні бойынша II орынды, Якутияда өткен халыкаралық олимпиадада химия пәнінен III орынды иеленді, жетекші мұғалімі А.Б.Баймұқышева.

2007 жылы Жексенбеков Рустем және Жанатқызы Самал халықаралық «Еуропа дауысы» жас таланттар ән байқауында академиялық дауыс номинациясы бойынша ІІ орынды жеңіп алды. Долаев Мирас республикалык олимпиададан І орынды, халықаралық олимпиададан физика пәнінен «Компьютерлік физика» тақырыбы бойынша II орынды жеңіп алды. Астана каласында еткен халықаралық «Ғылымдар әлемін ашамыз» байқауында Долаев Мирас Гранпри ұтып алды. Бертісова Корлан республикадан орыс тілі пәнінен II орынды, жетекші мұғалімі К.Т.Бакишева, республикадан экономика пәнінен 1 орынды иеленді, жетекшісі Г.К.Долаева, Дәркенбаев Дәурен республикалык «Дарын» жобасынан ІІ орынға, Қабдуалиев Шахназар II орынға ие болды. 2007 жылы Жанатқызы Самал Сочи қаласында өткен жас әншілер арасында халыкаралық «Европа үміткері-2007» байқауының күміс жүлдегері атанды.

2006-2007 оқу жылында Ыбрайхан Алмас, Дүйсенбинова Динара, Төреғожина Айжан, Әжмагамбетова Әмина республикалык «Дебат» жарысында үздік спикерлер атанды, жетекші мұғалімі Досыкенова А.Р.

Тұмарбекова Диана математика пәнінен республикалык олимпиададан III орынды, Берібек Шынғыс Ресей мемлекеті Ижевск қаласында информатика пәнінен ғылыми-жоба коргап жүлделі орынға ие болды, Долаев Мирас халықаралық жүлдегер ретінде ҰБТ-дан босатылды.

2006-2007 оқу жылы Байжикенов Бақытжан Республикалық ең таңдаулы жоғарғы сынып окушысы атағын жеңіп алды.

2006-2007 оку жылында ҰБТ көрсеткіші орташа 105,4 балл көрсетті. Мектеп-лицейін 4 оқушы «Алтын белгі» белгісіне бітірді.

2007 жылы Байжикенов Бақытжан Грецияда өткен халықаралық ғылыми жобалар олимпиадасында ағылшын тілі пәнінен «Қола медаль». Махамбетов Әсет Грецияда биология пәнінен «Кола медальді» жеңіп алды. жетекші мұғалімі Ө.С.Шахабаева, Абзалова Айжан Грецияда еткен экологиядан «Қола медаль» жеңіп алды, жетекші мұғалім К.К.Бекежанова, Бөрібек Шынғыс Ресейде информатика пәнінен «Қола медальді» иеленсе. Байжикенов Бақытжан Лондонда ағылшын тілі пәнінен «Алтын медаль» жеңіп алды жетекші мұғалімдері Б.Ә.Мақсұтова, Тұмарбекова Дайана Лондонда ағылшын тілі пәнінен «Алтын медальді» жеңіп алды жетекші мұғалімдері Г.Я.Қазығұлова, Төлегенова Бота Лондонда ағылшын тілі пәнінен «Алтын медаль» иеленді, жетекші мұғалім Т.И.Мұратбекова, Есімханов Мейіржан Лондонда ағылшын тілі пәнінен «Алтын медаль» иеленді жетекші мұғалімі А.К.Дәрібаева, Жанбуршина Гаухар мен Шакуал Шырын Лондонда география пәнінен «Күміс медальдарға» ие болды, жетекші мұғалім К.К.Бекежанова.

2007 жылы Жексембеков Рустем халыкаралық жас әншілер арасында «Европа үміткері» байкауында ІІ орынға ие болды.

2007 оку жылының қорытындысы бойынша алғашқы әскери даярлық пәнінің қала мектептері арасында жүргізілген рейтингі бойынша I орын иеленді. «Жас ұлан» әскери спорттық ойыннан Есенғұлов Ануарбек «Үздік командир» атанып заттай сыйлық пен Құрмет грамотасымен марапатталды, Саптық байқау бойынша 1 орын алып, жүлдеге сыйлык алды. 2007жылы лицей өзінің 15 жылдығын қала деңгейінде атап өтті.

Садыкова Анар «АКСЕЛС» бағдарламасының жеңімпазы атанып, АҚШ-та бір жыл тегін окып келді. «Алтын белгі» иегері бүгінгі күні Лондонда «Болашак» бағдарламасымен окуда. 2007 жылы Махамбетов Әсет «Жыл окушысы» номинациясын жеңіп алып, «Арын стипендиаты» атанды. Жанатқызы Самал «Зерделі жас» номинациясын ұтып алды.

2007 оқу жылында мектеп-лицейі ҰБТ қорытындысы бойынша Республикада YI орынды иеленді.

«Болашақ мұғалім-2008» жобасы бойынша ЖМУ ректоры Е.Ө.Медеуовтын ұйымдастыруымен өткен жас мұғалімдер аймақтық олимпиадасында математика, физика, информатика бағытында М.Д. Бұланов жүлделі І орынды иеленді.

2007 жылы тамыз айында информатика пәнінен Хорватияда еткен бүкіләлемдік олимпиадада Байжікенов Бакытжан «Алтын медаль» иеленсе, 2008 жылы Египетте өткен бүкіл- әлемдік олимпиадада «Күміс медаль» алып үлкен жеңіспен оралды. Бұл Бақытжанның халыкаралык денгейдегі тоғызыншы мәрте жүлдесі еді. 2007 жылдың шілде айында химия пәнінен Якутияда өткен халықаралық олимпиадада Мырзаханов Максат, 2008 жылы Сибатов Дархан «Қола медаль» иеленді. 2007 жылы Лондонда өткен халықаралық жобалар олимпиадасында лицейіміздің 4 оқушысы Б.Байжікенов, Д.Тұмарбекова, Т.Есімханов, Б.Төлегенов «Алтын медаль», екі окушысы Шакуал Шырын және Жанбуршина Гаухар «Күміс медальмен» оралды.

2007 жылы Афины каласында өткен «ГЛЮОН» халықаралық жобалар олимпиадасында Махамбетов Әсет, Абзалова Айжан «Қола медаль» иегерлері болды.

2007-2008 оқу жылы Г.Я.Қазығұлова қала мұғалімдерінің арасынан «Үздік сынып жетекшісі» атанды. Осы оку жылы дебат жеңімпазы Сағындықова Айман республикалық «Дебат» жарысында үздік спикер атанды.

2007 жылы 10а сынып окушысы Еркінова Арай, 11ә сынып окушысы Аяпбергенов Ахат <<АКСЕЛС» бағдарламасы бойынша грант жеңіп алып, шетелде бір жыл окуға жолдама алды. 2007-2008 оқу жылында қазақ лигасы бойынша «Дебатта» Ахметова Арай жеңімпаз атанды, жетекші мұғалімі Досыкенова А.Р.

2007-2008 оку жылы мектеп-лицейінің 8 окушысы «Алтын белгі» иегерлері атанды, ҰБТ көрсеткіші 103,5 балл болды.

2007 оку жылы Президенттік «Болашак» бағдарламасының грант иегерлері Бутабаева Арайлым, Германия университетіне, Бакишева Сәния Англия БАТ университеті магистратураға, Ботабаева Макпал Малайзия, Куала-Лампур университетіне, Ойшынов Азамат АҚШ, Гарвард университетіне магистратурага, Капсаматов Алмас АҚШ Рочестер технология университетіне магистратураға түсті.

Қазакстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 7-тамыздағы No387 бұйрығына сәйкес Алматы облысының әкімінің 30 шілде 2008 жылғы No151 қаулысы бойынша лицейге «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын М.Арын атындағы No24 <<Экономика және бизнес» арнаулы лицей» статусы берілді.

2008 жылы Будапешт қаласында өткен хаықаралық олимпиадада астрономия пәнінен Рауанов Абзал, Салғараев Еркебұлан орын иеленді.

2008 жылы наурыз айында Байқоңырда өткен халыкаралык Ресейлік оқу байкауында космонавтикадан Әбенұлы Данияр, Төребаев Ерлан, Жанахметов Ерлан І орын алды

2008жылы Лондон қаласында өткен лингвистикалық олимпиадада Ілиясқызы Диана және

Әділ Гүлім «Алтын медаль»жеңімпаздары атанды.

2008 жылы Ташкент каласында өткен халықаралық олимпиадада Дауталинов Әли, Кенжеев Ерлан, Долаев Жарас «Кола медаль» жүлдегерлері болды.

2008 жылы қараша айында Кипрде өткен халықаралық жобалар байқауында:

1. Кайратұлы Серік, дүние жүзі тарихы пәнінен І орын,

2. Хасеинова Айжан, ағылшын пәнінен II орын,

3. Абдрасова Айдана, математика пәнінен II орын,

4. Нұрланқызы Назым, экономика пәнінен III орын иеленді.

2008 жылы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған лицей мәртебесіне ие болды.

2008 жылы 10 Ә сынып окушысы Жанымхан Айдос АКСЕЛС» бағдарламасы бойынша грант женіп алып, АҚШ-та бір жыл окуға жолдама алды.

2008 жылы Жанатқызы Самал облыстык «Дельфин ойындары-2008» байқауының ән номинациясы бойынша орын иегері атанды. Жексембинов Рустем «Дельфин ойындары-2008» байкауынын ән номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алады. Жанатқызы Самал Алматы облыстык Казакстан Халық Ассамблеясы ұйымдастырған «Өнерім-өмірім» байқауының ән номинациясы бойынша бас жүлдегері атанды.

2008 жылы Байжікенов Бақытжан Египетте өткен бүкіләлемдік олимпиадада информатика пәнінен «Күміс медальді» жеңіп алды.

2008 жылы Сарымолдаев Максат Ташкент қаласында өткен халықаралық олимпиадада ПІ орын, халыкаралық олимпиадада Дауталинов Али информатика пәнінен II орын, Сибатов Дархан Туймадада халықаралық олимпиадада химия пәнінен «Кола медальға» ие болды. 2008 жылы Күншығарова Айсұлу «Жыл окушысы» номинациясын жеңіп алып, «Арын стипендиатына» ие болды. Сибатов Дархан «Зерделі жас» номинациясын жеңіп алды.

2008 жылы Дауталинов Али «Бүкіл ресейлік» олимпиадада III орын жеңімпазы, Ташкент каласында еткен халықаралық олимпиадада ІІІ орын жүлдегері болды.

Информатика пәнінің мұғалімі Есенғұлов Мұхаметқазы Кемелбекұлы Республикалык «Үздік авторлык бағдарлама» байқауында ІІ орын иеленді.

2008 жылы халықаралық ғылыми жобалар олимпиадасының жүлдегерлері Абенұлы Данияр Ресейде , Протвино қаласында өткен халықаралық «ГЧЮОН» олимпиадасы физика пәнінен I орынды, Ратов Нұpлaн Протвино қаласында өткен халыкаралық «ГЛЮОН» олимпиадасы информатика пәнінен I орын, Hусипбеков Ернур II орынды, Тергеусізова Назерке II орынды жетекші мұғалімі М.К.Есенғұлов, Жиенбаева Асель Грецияда хаалықаралық математика жарысынан II орын, Қасенхан Айбар Байқонырда өткен Ресейлік  оқулар байқауы космонавтика 1 орын, жетекші Дауталинов С.А., Долаев Жарас Байқонырда өткен Ресейлік оқулар байқауы биология I орын, жетекші мұғалімі Жүнісбаева А.Ж.,Кипр. Паралимни қаласында өткен «Интеллектуалдық олимпиадада» Жанатова Қымбат II дәрежелі диплом, жетекші мұғалімі Рымжанова А.Е. Омарова Маржан II дәрежелі диплом жетекші мұғалімдері Байшығашева Р.С., Рымжанова А.Е.. Керімбеков Жасұлан Кипірде өткен дүниежүзі тарихының халықаралық «Интеллектуалды олимпадада» III дәрежелі диплом, жетекші мұғалімі РымжановаА.Е., Еспан Ақбота.

Буйенбаева Бота Лондонда өткен халықаралық «Лингвистикалық олимпиада» II дәрежелі диплом ,Төлегенов Әлішер 1 дәрежелі дипломды иеленді,жетекші мұғалімі Қазығұлова Г.Я.

2008-2009 оқу жылы Көкшетау қаласында өткен мұғалімдердің республикалық « Ең үздік авторлық бағдарлама конкурсында » экономика пәнінің мұғалімі Г.Қ.Долаева I дәрежелі дипломмен марапатталып I орын жеңімпазы болды. 

     2008-2009 жылы экономика пәнінің мұғалімі Долаева Гүлбаршын Қапышқызы Республикалық « Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының I дәрежелі дипломымен марапатталды. Оқушылары экономика пәнінен Республикалық олимпиададан 6 жыл қатарынан жүлделі орындарға ие болды.

2008-2009 жылы республикалық Дарын орталығының « Жаңашыл ұстаз номинациясымен» лицей директоры К.Т.Түсіпова марапатталды.

Нурбаева Олжас Грецияда өткен халықаралық интеллектуалдық олимпиадада II орынды,Рауанова Бақыт республикалық «Дебат »жарысында үздік спикер атанды.

2008-2009 оқу жылында " Дебат» жарысында қазақ лигасы бойынша Сағындықова Айман жеңімпаз атанды, жетекші мұғалімі Досыкенова А.Р.

2008-2009 оқу жылында лицей Білім және ғылым Министрі К.Ж. Түймебаевтың

арнайы алғыс хатын алды.

2009ж. 11а сынып оқушылары Өмірбеков Азат,Смағұлов Ержан,11 ә сынып оқушысы Шәрипов Айбар « АКСЕЛС» бағдарламасы жеңімпазы ретінде грантты жеңіп алып,жетелден бір жылға оқуға жолдама алды.

      2009 жылы Камзолдаева Жанна Франция Лион қаласында магистратурада оқыды.Қазіргі таңда білім министрлігінің ақпараттық бөлімінде бас аналитик болып жұмыс жасайды.

      2009 жылы ақпан айында Ресей мемлекеті Протвино қаласында өткен халықаралық жобалар жарысында Әбенұлы Данияр физикадан I орынды, Ратов Нұрлан, Нүсіпбеков Ернұр және Тергеусізова Назерке компьютерлік физика бағыты бойынша II орын жеңімпаздары атанды.

     2009 жылы наурыз айында Байқоңырда өткен халықаралық Ресейлік оқу байқауында космонавтикадан Қасенхан Айбар I орынды, биологиядан Долаев Жарас I орынды иеленді.

     2009 жылы Лондон қаласында өткен ағылшын тілі пәнінен халықаралық лингвистикалық олимпиадасында Қабытаева Айым, Төлегенов Әлишер I орын, Бүйенбаева Бота, Еспан Ақбота II орын иеленді.

     2009 жылы Кипрде өткен дүниежүзі тарихынан халықаралық «Зияткерлік» олимпиада-

сында Керімбеков Жасұлан, Омарова Маржан III орын, Жанатова Қымбат II орын иеленді.

     Дауталинов Али Ақтау қаласында өткен республикалық пәндер олимпиадасында «Алтын

медаль» иегері болды.

    2009 жылы Сибатов Дархан «Жыл оқушысы» номинациясын жеңіп алып, «Арын стипендиаты» атанды. Осы жылы «Зерделі жас» номинациясын Садық Дархан жеңіп алды.

1998-2009 ж. арасында кызмет еткен география-биология пәнінің мұғалімі А.Ж.Жунисбаева калалык олимпиададан 33 орынды, облыстық олимпиада мен КҒА-сы бойынша 11 орын, республикадан 4 орын иеленді

2009-2010 оқу жылында математика пәнінің мұғалімі К.А.Тулеметованың бірнеше макалалары жарық көрді.

Долаев Жарас Республикалық «Дарын» ғылыми-жобалар байкауында III орын, халыкаралык «Ғылым әлемін ашамыз» жарысында III орын алды, жетекшісі С.А.Дауталинов

2009-2010 оқу жылы халықаралық жобалар жарысында Омарова Маржан және Керімбеков Жасұлан ІІІ орын иеленді. Осы оку жылы лицейінің 9 «Алтын белгі» иегерлері бітірді, ҰБТ көрсеткіші 111,3 балл болды.

2009-2010 оқу жылы Дауталинов Али Қызылорда қаласында өткен республикалык пәндер олимпиадасында «Күміс медаль» иегері болды. Осы жылы VII Жәутіков атындағы халыкаралык информатика олимпиадасында «Күміс медаль», ІІ Евразиялық олимпиадада «Күміс медаль», Канадада еткен информатика пәнінен бүкіләлемдік олимпиадада «Қола медаль» жеңіп алды. Ал 2011 жылы Қостанай қаласында өткен пәндер олимпиадасында «Алтын медаль» иегері атанды. 2010 жылы Айтқожа Ажар «АКСЕЛС» бағдарламасының жеңімпазы ретінде грантты женіп алып, шетелде бір жыл окуға жолдама алды.

2010 жылы Ресей, Протвино қаласында өткен «Компьютерлік физика» олимпиадасында Киялбаева Акмарал III орын, Сарсенбаева Ұлжан III орын, Карабасов Аман III орын алды.

2010 оку жылы Дауталинов Али «Жыл окушысы» номинациясын жеңіп алып, «Арын степендиаты» болса, Омарбек Алтынай «Жыл оқушысы» І дәрежелі дипломмен, Бекбаева Акмарал «Жыл окушысы» II дәрежелі дипломмен, Аққасымова Толғанай «Жыл окушысы» II дәрежелі дипломмен марапатталды.

2010 жылы Қиялбаева Акмарал, Протвино қаласы (Ресей) «Компьютерлік физика» халыкаралык олимпиададан III дәрежелі диплом, Сарсенбаева Ұлжан ІІ дәрежелі диплом, Карабасова Аман I дәрежелі дипломын жеңіп алды, жетекші мұғалімі Н.К.Балажігітова. 2010-2011 оқу жылы математика пәні мұғалімі Т.Т.Бертісова Республикалык математика пән мұғалімдерінің I съезіне қатысты.

2010-2011 оқу жылы математика пәнінің мұғалімі К.А.Тулеметованың «Озық ойлы окушы» атты мақаласы «Математика, информатика, физика» журналында басылып шықты.

2010-2011 оқу жылы Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын М.Арын атындағы No24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейіміздің математика пәнінің мұғалімі Салтанат Нұрғазықызы Ибраева «Орта мектепте математикалык анализдің негізгі ұғымдарын қалыптастыруда есептерді пайдалану әдістемесі» такырыбында диссертация қорғап, педагогика ғылымының кандидаты атағына ие болды.

2010 жылы информатика пәнінің мұғалімі М.К.Есенғұловтың облыстык МКЖ институтынын колдауымен «1000 есеп» деңгейлік есептер жинағы кітап болып басылып шықты.

2010 жылы Дауталинов Али Канадада өткен бүкіләлемдік олимпиада информатика пәнінен «Кола медаль» жеңіп алды.

2010-2011 оқу жылында Ресейдін Протвино қаласында өткен «Компьютерлік физика» олимпиадасында Ногаева Жайнар II орынды, Орынтаев Аслан III орынды, Сеитбек Даулет III орынды иеленді. Кипр, Паралимни каласы «Интеллектуалдық олимпиада» атты халык- аралык жобалар олимпиадасында Естебекова Айгерім 1 орынды, Бекенов Ануар 1 орын- I ды, Медетов Данияр 1 орынды, Төлепбергенова Акнұр III орынды иеленді. Әбенов Әбіл- тай 7-халықаралық «Ғылым әлемін ашамыз» конференциясында III орын алды. Сырым Әлішер мен Амитов Жәнібек Греция елі Халкидики каласында өткен 15-халықаралық Фестивальда І орынды иеленді. Сибатов Дархан Қызылорда қаласында өткен республи- калык олимпиадада І орын, Қостанайда өткен олимпиадада III орын, халыкаралык Мен- делеев атындағы химия пәнінен олимпиадада IY орын алды. Батағаров Азат «Дарын» ғы лыми-жобалар байқауында II орынға ие болды. Аққасымова Толғанай кұқық пәнінен қаладан II орын, облыстан II орын, Бозаева Акжан қаладан II орын, Имангельдинов Әмір МАН каладан I орын, республикадан I орын, Танатарова Әйгерім, Баймолдина Ажар, Саменова Корлан, Амитов Ж., Сырым А. қаладан I орын, облыстан I орын иеленді.

2010-2011 оқу жылы лицейінің 14 «Алтын белгі» иегерлері бітірді. ҰБТ көрсеткіші 113 балды құрады.

2011 жыл қазақ елінің тәуелсіздік алғанына 20 жыл. Ғұлама ғалым, ұлағатты ұстаз, кеменгер акыл иесі Мұхтар Арынның 75 жылдығы аталып өтілді.

Дарынды балаларды оқытуда лицей іс-тәжірибесі республика көлемінде жоғары багала- нып, алғашқы ондыққа кіріп, жеңімпаз болды.

2011 ж. Медетов Данияр «Жыл окушысы» номинациясын жеңіп алып «Арын стипендианты» болса, ал «Зерделі жас» номинациясын Сыдықова Шырайлым, Жансеркенов Айса, Акылов Жандос, Жумагазиева Айнұр, Садуакасова Меруерт жеңіп алды.

Ағылшын тілінен Ұлыбритания Лондонда Бекенов Ануар, Естебекова Әйгерім ІІ орын, физика Астана II орын Қырғыстанда Бишкек Ногаева Жайнар, Сырым Алишер, Амитов Жәнібек I орын Греция физика Астана Әбенов Әбілтай I орын, Ботагаров Азат, Сейтбек Елдос I орын иеленді.

Казакстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Асыл сез» зияткерлік теле байкауында Исламов Керім, Мырзақұлова Балжан, Қабдолданова Айғаным I орынды иеленді, жетекші мұғалімі Б.Д.Нургожаева.

Лицейдің тарихында республикалық, халыкаралық олимпиадалар мен жобалар жарысынын жеңімпаздарын көптеп атауға болады. Халықаралық, республикалык денгейде өткен пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар жарсытарынан соңғы жеті жылда жүлделі орындар саны 189 жетті. Информатика пәнінен бүкіләлемдік олимпиадада екі мәрте, халықара- лык денгейдегі тоғыз мәрте жүлдегер атанған республика мактанышы Байжікенов Бакыт- жанды ерекше атап өтуге болады. Бүгінде оның ізін басып келе жатқан бірнеше мәрте халықаралык, республикалық олимпиада жеңімпаздары химия пәнінен Сибатов Дархан, Бакеев Аскар, Нургазинов Қолғанат, информатика пәнінен Дауталинов Әли, Кенжеев Ерлан т.б. лицей мақтаныштарын көптеп атауға болады.

Лицейде бүгінгі танда 18 сыныпта 486 окушы окиды.

Лицей окушылары қала бойынша мемлекеттік аралық бақылау қорытындысы бойынша II орынды иеленді.

2011 жылғы соңғы тестің корытындысы бойынша қала көлемінде І орынды иеленді. Лицей шәкірттерінің дайындалу сапасының жоғарғы болуына Ө.С.Шахабаева, А.Р. Досыкенова, Б.К.Мендекина, А.К.Дәрібаева сиякты лицей әкімшілігі мен педагогикалық ұжым мүшелерінін енбегі орасан зор. Ұжымда сабақ беретін оқытушының ішінде 3 мұғалім «КР Білім беру саласының Құрметті қызметкерлері» төс белгісінің иегері, 7 мұғалім «ҚР Білім беру ісінің озық қызметкерлері», 2 мұғалім Ы.Алтынсарин атындагы төсбелгісінің иегері, 29 мұғалім жоғары біліктілік санатында, 12-сі бірінші, 7-еуі екінші санатты, 4 санаты жоқ мұғалімдер кызмет етеді.

1992-2012 оқу жылдарында лицейді 753 түлек бітірді.

ҰБТ-ден лицей көрсеткіші жылдан-жылға өсуде.

Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын М.Арын атындағы No 24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейі еліміз бойынша сапалы білім, саналы тәрбие беріп отырган алдынғы катарлы білім ордасының бірі.

Әр түрлі деңгейдегі пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар жарысында окушылар жүлделі орындарды иеленіп, лицейдің мәртебесін көтеруге өз үлестерін қосуда.

Лицейде оку-тәрбие үрдісінің ғылыми тұрғыда ұйымдастырылуына ерекше көңіл бөледі. Жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту бағытында жүргізілген жұмыс мектеп-лицейінін 20 жылдык тарихында өз нәтижесін көрсетуде.







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив