18
февраль
2022
Лицейде 2022 жылы 18 ақпан күні «Бәсекеге қабілетті білім беру бағытында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында білім беру басшыларына арналған облыстық семинар өтті.
Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейінде 2022 жылы 18 ақпан күні «Бәсекеге қабілетті білім беру бағытында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында білім беру басшыларына арналған облыстық семинар өтті. Семинар мақсаты: «Бәсекеге қабілетті білім беру бағытында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» бағытында білім бөлімі басшыларымен, мектеп директорларымен тәжірибе бөлісу. Семинарда бағдарлама бойынша жоспарланған барлық іс-шаралар жүйелі өткізілді. Семинардың теориялық бөлімінде лицей директоры М.Б.Галиеваның алғы сөзінен кейін, лицейдегі психологиялық қызмет және тәрбие бағытында оқушылардың Soft skills дағдыларын дамыту мәселесіне, ғылыми-әдістемелік жұмыстар барысына, лицейдегі Lesson Study зерттеу сабақтарының топтамасына, «Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» жобасы аясында магниттік мектептермен жүргізілген жұмыс үдерісіне және PISA, TIMSS халықаралық зерттеу жүргізу мәселесі аясында атқарылып жатқан іс-шараларға шолу жасалып, іс-тәжірибе таратылды.
Семинардың тәжірибелік бөлімінде 8 сыныпта физика, 9 сыныпта математика сабақтарында TIMSS және PISA тапсырмаларын орындау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыруға бағытталған сабақ үлгілері көрсетілді.
Ағылшын тілі бағыты бойынша Халықаралық IMT сlass жобасы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жұмысына зерделеу жасалып, оқушылар жобадағы үш жылғы жүйелі жұмыстарының нәтижелерімен, жинақтаған тәжірибе, әсерлерімен бөлісті.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мұқағали сырлы әлем» тақырыбында 5 сынып оқушыларымен тәрбиелік тағылым сағаты өткізілді. Жас актер үйірмесі оқушылары «Мұқағали жырындағы тау бейнесі» атты қойылым көрсетіп, қойылымда 6 сынып оқушысы Нұрғалиев Асқан Мұқағали бейнесін шебер сомдап шықты. Ал 5 сынып оқушылары «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Поэзия! Менімен егіз бе едің?» тақырыбында ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.
Семинар барысының әрбір кезеңі «Бүгінгі күннің айнасы» тақырыбында лезде дайындалған бейнематериалмен қонақтарға көрсетілді. Кері байланыс mentimetr.com платформасымен QR код арқылы жасалды. Семинар мазмұнды әрі нәтижелі өтті.
[media=https://www.facebook.com/100028557674283/videos/1017060859236787/]