Халықаралық ІМТ class жобасы
«Инновация және заманауи технология» халықаралық ІМТ class жобасына қабылдау салтанаты
№24 лицей оқушылары Швейцариялық ІМТ колледжімен бірлесе жүзеге асатын Халықаралық ІМТ class жобасына қабылданды. Алматинская областьның білім басқармасы тарапынан қаражат бөлініп, облыстан жалпы саны 940 оқушының ішінде үздік нәтиже көрсеткен 25 оқушыға стипендия тағайындалды. Жобаның мақсаты – физика, химия, биология және информатика пәндерінің ағылшын тіліндегі метатілін қалыптастыру, ғылыми зерттеу жұмыстарына үйрету. Жоба барысында Offline режимде оқушыларды бағыттап отыру мақсатында лицейіміздің 5 ұстазы модераторлар ретінде тағайындалды. 9 ақпан күні жоба жетекшісі Георгий мырза оқушылар мен ұстаздарға қабылдау сертификаттарын салтанатты түрде табыстап, бірлесе жасалатын жұмыстың барысын анықтап өтті. Жоба нәтижесі мамыр айына күтілуде.
Оқушылардың халықаралық деңгейдегі жобаға тегін қатысып, Онлайн платформасы арқылы ағылшын тіліндегі білімін жетілдіруге, заманауи инновациялық бағытта ғылыми тілді қалыптастыруға үлкен мүмкіндік беріп отырған жергілікті басқару ұйымына алғыс білдіреміз.





