Қауіпсіз интернет
«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампанияның іс-шара жоспары сай жүргізілген жұмыстар анықтамасы
Баланы оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғау мәселелері бойынша ата-аналар мен оқушылар үшін тақырыптық стендер ресімделді. Балаларға психологиялық көмек көрсететін мекемелердің байланыс деректері бар ақпараттық парақшалар таратылды. «Интернетте қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етіледі», «Ата-аналар үшін жаднама», «Қауіпсіз интернет», «Желідегі қарым-қатынас этикасы» тақырыптық жаднамалар таратылды.
Ата-аналардың қатысуымен флеш-моб, балалар дебат турнирлері, пікір-сайыс алаңдары, «Қауіпсіз интернет» дөңгелек үстелдер, ата-аналар жиналыстары өткізілді.
Лицей әкімшілігі және лицей психологтарының қатысуымен «Интернетке тәуелділіктен арылу жолдары» тақырыбында ата-аналарға дәріс оқылып, бейнероликтер ұсынылды.