Құмарлыққа бой алдыру – тәуелділік құрдымы
Лицейімізде 2024 жылдың 18-қаңтарында 5-11 сынып ата-аналарымен «Құмарлыққа бой алдыру – тәуелділік құрдымы» жиналыс өтті.
Ата аналар жиналысының мақсаты: ата-аналардың өз баласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін қалыптастыру, тәуелділік мінез-құлық қаупінің алдын алу жолдарын дамыту.
Жиналыс басында лицей психологы Ержанова Б.Е. жиналысты ашып, психологиялық жағымды ахуал туғызып алғаннан кейін, ата-аналармен нейропсихологиялық жаттығулар орындатты. «Тәуелділік құрдымы» тақырыбында баяндама жасады.
Тәуелділік түрлері (тамақ, алкоголь, есірткі, химия, вейпинг, құмар ойындар және т.б.)
Көбінесе жоғары сынып оқушыларының психобелсенді заттарды қолдануы өмірлік маңызды, жеке немесе әлеуметтік (отбасылық) қиындықтардың симптомы болып табылады. Балалардың оқу үлгерімі нашарлайды, салауатты өмір салтын ұстанбайды, қылмыс жасайды. Дұрыс тамақтанбау, физикалық белсенділік, күйзеліс, өмірдің мәнін жоғалту – балалардың алкоголь, темекі, есірткіні қолдануға итермелейтін бірден-бір факторлар екенін айтып өтті.