16
июнь
2022
Сәт сапар, сіздерге, Жас түлектер!
Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейінде мектеп бітіруші түлектеріне арналған «ТҮЛЕК 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты мектеп бітіру іс-шарасы ұйымдастырылды. Салтанатты іс-шарамызға Алматинская областьның құрметті азаматы – Мұқанов Серік Мейрханұлы және құрметті ата-анамыз Қожахметов Берік Әкішханұлы қатысты.
Түлектердің мектеп бітіру жылы – Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Балалар жылымен» және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келуінің өзі ерекше сәт.
Ұлағатты ұстаздардан тәлім мен тәрбие алып, қанатын қатайтып, өмірге жолдама алған лицейіміздің шәкірттері кәмелеттік аттестаттарын қолына алып, үлкен өмір жолына қанат қақты. Лицей түлектері - бәсекеге қабілетті, дарынды, талантты нағыз көшбасшылар. Жиын барысында лицей директоры Галиева Мария Бейсетбайқызы түлектерді құттықтап,болашақтары жарқын, алдағы өмірлеріне ақ жол, сәттілік тіледі.
![](http://24-lyceum.edu.kz/uploads/posts/2023-01//1674631784_285670091_861950684766846_3010233891733597132_n.jpg)
![](http://24-lyceum.edu.kz/uploads/posts/2023-01//1674631758_286812039_871338537161394_2301441712502311178_n.jpg)
![](http://24-lyceum.edu.kz/uploads/posts/2023-01//1674631737_286894324_871338523828062_7218025167975206855_n.jpg)
![](http://24-lyceum.edu.kz/uploads/posts/2023-01//1674631717_286933725_871338487161399_3787745509320339250_n.jpg)
![](http://24-lyceum.edu.kz/uploads/posts/2023-01//1674631766_286934549_871338570494724_7786306118831663439_n.jpg)
![](http://24-lyceum.edu.kz/uploads/posts/2023-01//1674631807_287888729_871338590494722_5748032300649253187_n.jpg)
![](http://24-lyceum.edu.kz/uploads/posts/2023-01//1674631763_288188080_871338563828058_3502816602103840185_n.jpg)