Жетісу облысы
білім басқармасының
"Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(7282) 24-42-66
Бухгалтерия
+7(7282) 24-46-53
Версия для
слабовидящих
» » Қашықтық оқыту форматы бойынша ЖАДЫНАМА
06
апрель
2020

Қашықтық оқыту форматы бойынша ЖАДЫНАМА

Қашықтық оқыту форматы бойынша

ЖАДЫНАМА


Преподавателиге:

1.Қашықтан оқыту жүйесінде мұғалімнің Педагогикалық Әдеп ережелерін қатаң сақтауы шарт (Сөйлеу мәдениеті, әдебі, сырт келбеті, педагогикалық такт ережелері)

2.ТД-телесабақтар мен онлайн сабақтарға қашықтықтан мониторинг жүргізу үшін педагогтің таңдауына байланысты келесі технологияларды пайдалану ұсынылады:

электрондық журналдар мен күнделіктер kundelik.kz, bilimal.kz, mektep.edu.kz - бейне-сабақтарды, сандық білім беру ресурстарын орналастыру, білім алушыларға өзіндік орындауға тапсырма беру және кері байланысты (мұғалімдердің түсініктемесі мен ұсыныстары, хабарландыру түрінде ата-аналарды ақпараттандыру, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды жүргізу, білім алушыларға домтапсырмасын беру және оны онлайн тексеруді ұсыну, қысқа және кеңейтілген түсіндірмелер түрінде) жүзеге асыру үшін қолданылады; 

электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесінде Kundelik.kz адресінде онлайн білім беру үшін нұсқаулықтар, құжаттамалар және видеонұсқаулықтар салынады: https://portal.kundelik.kz/kz/c/355-instruktsii-po-udalennoi-rabote . 

streaming, платформалар: Bilimland.kz, Мектеп OnLine, OffLine, daryn.online.kz, kundelik.kz, sabak.kz, aitube.kz, youtube.com және Zoom, Windows Tims, Skype, Moodle, Opiq.kz, School.ozin-ozi-tanu.kz, adilet.zan.kz/rus/docs  және т.б. осы платформаларды пайдалана отырып, пәндер бойынша бейнесабақтар трансляциясы ұйымдастырылатын болады;

бұлтты қызметтер: Google Drive, Yandex Disk, Mail.ru Disk, Dropbox және т. б., МОН РК ресми әлеуметтік желілері, МОН РК Youtube, Telegram арнасы Edunews.kz. 

3.Facebook, Instagram, Youtube және т.б. сайттар, әлеуметтік желілерде сабақтар мен тәрбиелік іс-шаралар үшін әзірленген бейнеконтентті қолдана алады және математика, физика, химия, биология, география, информатика, қазақ тілі, тарих, ағылшын пәндері бойынша сабақтар өткізіп, тәжірибе таратады. 

4.Жұмыстың оңтайлы және әртүрлі түрлерін (бейне сабақтар, өзіндік жұмыс, онлайн-курстар, чат-сабақтар, веб-сабақтар, телеконференциялар мен форумдар және т.б.), қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (скайп, телесабақ, электрондық пошта, WhatsApp және Telegram чат, Zoom, Moodle және т. б.) қолданады;

электрондық журналдар мен күнделіктерді пайдалана отырып, жүргізілетін жұмыс түрлері туралы ақпаратты білім алушыларға, олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) сабақ өткен күні жеткізеді.

5. Бекітілген оқу кестесіне сәйкес 5-9 сыныптарда 8.30-дан, 

                                                           10-11 сыныптарда 14.00-ден сабақ өткізеді;

6. Білім алушының өзіндік жұмысына бақылау жасайды, кері байланыс жүргізеді;

7. Үй тапсырмасы көлемінің нормаларына сәйкес домтапсырмасын ұсынады;

8. Мұғалім мен оқушы үшін қолжетімді кез келген тәсілмен (электрондық журналдар мен күнделіктер, месенджерлер, бұлтты технологиялар және т. б.) сабақта орындалған тапсырмаларды жинауды жүзеге асырады; 

9. Білім алушыларға, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға жеке сабақтар өткізеді;

10. Жүргізілген жұмыс пен және оның нәтижелері бойынша әкімшілікті хабардар етеді

11. Преподаватели оқу пәндері, оның ішінде бағалау «есептелінді»/ «есептелінбеді»  түрінде өткізілетін және оқу пәндері теледидарда көрсетілетін пәндер тізбесіне енбеген пәндер (Дене шынықтыру, Өзін-өзі тану, Көркем еңбек, Музыка, Бастапқы әскери және технологиялық дайындық, Кәсіпкерлік және бизнес негіздері, Графика және жобалау)  бойынша бейнеконтент әзірлейді және сабақтарды қашықтықтан жүргізеді:

12. Білім алушылардың үйде орындауы үшін физикалық және саптық жаттығулар кешенін әзірлейді (Дене шынықтыру, Алғашқы әскери және технологиялық дайындық);

13. Қолөнер бұйымдарын, макеттер және т. б. жасау бойынша нұсқаулықтар әзірлейді (Көркем еңбек, Графика және жобалау);

14. Жобалық жұмыстар бойынша ұсыныстар (Өзін-өзі тану, Кәсіпкерлік және бизнес негіздері);

15. Тыңдайтын музыкалық шығармалардың тізімін ұсынады (Музыка);

16. Барлық оқу пәндері бойынша оқушылардың жұмыс дәптерлері негізгі және қосымша тапсырмаға арналып бөліну керек.


         Сынып жетекші:

1. Сынып оқушылары үшін чат құрады .

2. Пән мұғалімдеріне оқушылардың байланыс мүмкіндіктері (ұялы телефон, домтелефоны, электронды пошта) көрсетілген сынып тізімін береді, әр оқушының желіге қосылу мүмкіндіктерін мен оқу материалдарын алу мүмкіндіктерін және кері байланысқа түсе алу мүмкіндігін қарастырады.

3. Оқушылар мен олардың ата- аналарын (заңды өкілдері) сабақ кестесіндегі өзгерістер, білім алушылардың кері байланысқа түсе алуы, қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқу үрдісін іске асыру туралы хабардар етеді.

4. Өзінің сыныбындағы оқушылардың электронды күнделік және электронды поштаға тіркелуін қамтамасыз етеді.


Білім алушы:

1.     Білім алушы сабақта оқушы үлгісіне сай болуы керек.

2.     Қолжетімді байланыс құралдары арқылы онлайн-сабақтардың кестесімен, тақырыптарымен, мазмұнымен танысады;

3.     Күн сайын кестеге сәйкес ТД-телесабақтарының трансляциясын, сондай-ақ пән мұғалімі көрсеткен барлық қолжетімді электрондық платформаларды қарауға міндетті;

4.     Күнделікті тапсырмаларды өз бетінше, соның ішінде лицей белгілеген қолжетімді байланыс құралдарын пайдалану арқылы орындайды;

5.     Сынып жетекшісімен және пән мұғалімдерімен күнделікті байланыста болады;

6.     Пән мұғалімінің түсініктемесінен кейін сабақ өткен күні қателермен жұмыс жасайды;

7.     Өзіндік дайындалуға арналған оқу материалдарын алу үшін күн сайын электронды күнделікте жеке кабинетке, электронды поштаға және басқа да байланыс жүйелері мен технологияларына кіреді;

8.     Күнделікті орындалған тапсырмаларды педагогке қолжетімді байланыс құралдары (электронды   күнделік, электрондық пошта, Whatsapp чаттар және т. б. интернет байланыстары) арқылы педагогтердің талаптарына сәйкес ұсынады;

9.     Оқу тапсырмаларын орындау кезінде академиялық адалдық ережелерін және өзін-өзі бақылау қағидаларын сақтайды;

10.Білім алушылар мұғалімнің сабақ өтуіне кедергі келтірмей, тәртіпті бұзбай қатаң сақтауы керек.


Білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері):

1.     Қашықтан оқыту жүйесіне қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге жағдай жасайды;

2.     Жұмыс кестесімен, сабақ кестесімен, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру процесімен танысады;

3.     Білім алушылардың домтапсырмаларын орындауын бақылауды жүзеге асырады;

4.     Сынып жетекшісімен және пән мұғалімдерімен байланыста болады.

5.     Ата-аналар тарапынан оқушылардың сағат 8.00-8.30 аралығында таңғы жаттығу жасауына және сабаққа қатысуын түгендеуге қатысуы керек.



         

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив