21
ноябрь
2017
Жаңалықтар
Жас ұрпақтың жасампаз азаматтық ұстанымы мен рухани құндылығын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған "Балаға мейірімді Қазақстан" атты форум-фестиваліне Алматы облысы Талдықорған қаласы Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 "Экономика және бизнес" арнаулы лицейінің дарынды оқушылары қатысып жатыр. Форумда оқушылар шығармашылық алаңдарға қатысып, бала құқықтары бойынша өз ұсыныстарын, ой-пікірлерін білдірді.
Форумда ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев құттықтау сөз сөйледі. Форум барысында дарынды оқушылар ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты З.Балиева және ҚР БҰҰ Балалар қорының өкілі Ю.Оксамитный, БҰҰ төрайымы Р.Винтер ханыммен кездесті.