Жетісу облысы
білім басқармасының
"Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-42-66
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-46-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» жобасы аясында
13
декабрь
2021

«Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» жобасы аясында

Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейі  2021-2022 оқу жылындағы жоспарға сай Алакөл, Ақсу, Көксу аудандарында зерттеу сабақтарын жүргізетін  мұғалімдермен тығыз байланыс орнатып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, әдістемелік көмек берді.  
Филология кафедрасының мұғалімдері  Ақсу ауданы, Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәні мұғалімі Амангельдина Айгерімге, Көксу ауданы, М.Құрманов атындағы №2 орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Абдрешова Жанарға, Көксу ауданы Алдабергенов атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Рыскелдина Аидаға;
 МЭИ кафедрасының мұғалімдері  Алакөл ауданы, Үшарал қазақ гимназиясының математика пәні мұғалімі Аюбаева Забираға, Көксу ауданы, М.Құрманов атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Қизат Толғаубекке;
Ағылшын тілі кафедрасы Алакөл ауданы, М.Төлебаев атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Чотаева Маржанға, Алакөл ауданы Үшарал қазақ гимназиясының математика пәні мұғалімі Есенбекова Еркежанға;
Жаратылыстану кафедрасы Алакөл ауданы, Молдағожин атындағы орта мектептің география пәні мұғалімі Жунисова Мадинамен байланыс орнатып, аталған мұғалімдерге сабақты жоспарлауға, бағалау критерийларын, дискрипторларды құрастыруға, сабақ барысында жаңа әдіс – тәсілдерді және ақпараттық – коммуникациялық технология  әдістерін тиімді пайдалану бойынша әдістемелік көмек көрсетті. 
 Lesson Study әдісі бойынша сабаққа қатысқан мұғалімдер өздері таңдаған зерттеу проблемасы ауқымында оқушының әрекеттерін бақылап, олардың қалай оқитындықтарына назар аударып, оқушылармен сұхбаттасып, олардың оқудағы жетістіктері мен қиындықтарын айқындап, сабақты талқылағанда осыларды дерек ретінде қолданып, сабақты жақсартуға болатынын білді. Сабақтар жоспарға сай жоғары дәрежеде өткізілді.
Сабақты зерттеу тәжірибесі-мұғалімнің кәсіби әлеуетін жетілдірудің, бірлескен командалық жұмысты ілгерілетудің бірден-бір жолы екенін осыдан байқауға болады.  
Істеріңізге сәттілік тілейміз әріптестер!




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив